Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтанда, Шымкентте және тағы бес облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 4 ақпан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтанда, Шымкентте және тағы бес облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан қаласында 5 ақпанда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с артады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. Көкшетау қаласында жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінмен жел тұрады. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 85-90%.
«5 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерін түнде тұман басып, күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. Шымкент қаласында күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінмен жел соғады. Түркістан қаласында күндіз 15-20 м/с жылдамдықтағы жел күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғып, таңертең және күндіз оның күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі ықтимал. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-100%.
«5 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей жерлерде 15-20, 23-28 м/с артуы мүмкін. Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с күшпен жел тұрады», - деді «Қазгидрометтен».
Қостанай облысындағы дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын сақталады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. Ақтөбе қаласында түнде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 16 м/с сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.

adimage