Алматы. 31 наурыз. ҚазТАГ Қазақстанның барлық аумағында сәуір айының бірініш және екінші тоқсанының басында үсік болады деп болжануда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Алдын-ала болжамға сәйкес, сәуір айының бірінші және екінші жартысының басы салқын болады: жауын-шашынның соңы көктайғаққа ұласады, күн салқындайды», - деп мәлім етті бейсенбіде «Қазгидромет» инженер-синоптигі Оксана Васюкова.
Сонымен, еліміздің батысы мен шығысында термометр бағаны -5°C дейін төмендейді, солтүстігі мен орталығында -8°C дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 0 +5°C аралығында құбылып тұрады.
«Қалған күндері ауа температурасы жоғарылап, айдың екінші жартысында күн күркіреп, жаңбыр жауады», - делінген болжамда.
Бұл ретте, сәуір айының соңғы тоқсаны жылы болады. Республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы +20°C, оңтүстігінде +33°C дейін жылиды.
«Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Жамбыл, Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және тау маңы аудандарында жауын-шашынның айлық көрсеткіші қалыпты норма шамасында болады деп күтілуде (норма 18-24 мм), қалған аумақтарда нормадан төмен болады», - деп хабарлады синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46