Сайрагүл Сауытбай жанқиярлығы үшін халықаралық әйелдер сыйлығының лауреаты атанды

Алматы. 4 наурыз. ҚазТАГ - Сайрагүл Сауытбай (Қытайдан қашқан этникалық қазақ) International Women of Courage Award халықаралық сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлады АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтынан.
«4 наурызда АҚШ Мемлекеттік департаментінде мемлекеттік хатшы Майкл Р. Помпео халықаралық жыл сайынғы «Әйелдер жанқиярлығы» (IWOC) халықаралық сыйлығын тапсыру салтанатын өткізді. Жыл сайын аталмыш сыйлыққа 12 әйел ие болады», - делінген хабарда.
Хабарда аталғандай, 2020 жылы Сайрагүл Сауытбай лауреаттардың бірі болды.
«2016 жылдың шілдесінде Сайрагүл Сауытбай мен оның отбасы Қазақстанға көшіп келуге тырысқан, алайда Қытайдың Коммунистік партиясы (ҚКП) оның төлқұжатын тәркілеп, оған күйеуімен және балаларымен кетуге жол бермеген. 2017 жылдың қарашасынан бастап 2018 жылдың наурызына дейін ҚКП Сайрагүлді сотталушыларға арналған лагердегі этникалық азшылық өкілдеріне қытай тілін үйретуге мәжбүрлеген. 2018 жылдың наурызында Сауытбай өліп қалармын деп қорыққан лагерге қайта жеберер деп қорқып, Қазақстанға қашқан. Нәтижесінде Сауытбай мұсылмандарға қарсы ҚПК қуғын-сүргіні туралы ашық айтқан әлемдегі бірінші құрбандардың бірі болып отыр, оның осы әрекеті осындай тәжірибеге қарсы қозғалыс құруға түрткі болды. Сайрагүл мен оның отбасы Швециядан пана тапты, қазір олар сол жақта тұрып жатыр», - делінген хабарда.
Сыйлық 14 жыл бойына бейбітшілік, әділдік, адам құқығы, гендерлік теңдік, әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейтуде жанқирлықтарымен көрінген әйелдерге табысталып келеді. 2007 жылдың наурызынан бері 73 елден 134 әйел осы сыйлыққа ие болды. Биыл аталмыш сыйлық иелерінің жалпы саны 77 елден 146 адамға жетеді.

adimage