Астана. 23 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанда Семей ядролық сынақ полигонының (СЯСП) аумағының 7503,5 шаршы км, немесе жалпы ауданының 40,5% болатын бір бөлігі таза және шаруашылық жұмыстарына жарамды болып табылады, делінген ҚР энергетика министрлігнің хабарында.
«2009-2015 жылдар аралығында республикалық бюджеттік бюағдарлама аясында СЯСП аумағына жалпы ауданы 7860 шаршы км (43%) жерде кешенді радиоэкологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде жалпы ауданы 7503,5 шаршы км. жер таза және шаруашылық мақсатқа пайдалануға жарамды, ал аумағы 336 шаршы км. болатын жер өнджірістік мақсатқа берілуіне болса, 20,5 шаршы км аумақ жер қорының құрамында қалуы керек (ол жерлердің радиоактивтік ластануы жоғары жерлер)», - деп көрсетілген ҚР энергетика министрлігінің хабарында.
Хабарда айтылғандай, тексерілген 7860 шаршы км жердің 3 мың шаршы км Павлодар облысында орналасқан, 560 шаршы км жері – Қарағанды облысында және 4,3 мың шаршы км – Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Семей ядролық сынақ полигонының жалпы ауданы 18,5 мың шаршы км. СЯСП
СЯСП аумағы мен нысандарын кешенді радиоэкологиялық тексеруді 2022 жылға қарай аяқтау жоспарланған. Осы тексерудің қорытындысында СЯСП аумағы нақтыланып, оның шекарасы қайта қаралатын болады.
Қатысты сілтемелер
-
Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері Қазақстанға келе бастайды
18 Қыркүйек 2024, 17:11 -
"Майкаинзолото" кенішіндегі автобус апатынан кейін шахтаның алты қызметкері қамауға алынды
18 Қыркүйек 2024, 16:47 -
Атырау облысында республикалық автожолдың 11 шақырымын орташа жөндеуге Т1,8 млрд жуық жұмсамақ
18 Қыркүйек 2024, 16:29