Семей тұрғындарына ақынның туылғанының 170 жылдығы мерекесіне «Абай» фильмі көрсетіледі

Күні: 11:10, 06-08-2015.

Семей. 6 тамыз. ҚазТАГ – Семейде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған мерейлі салтанаттар басталып кетті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Осыған қатысты (А. Құнанбаевтың 170 жылдығына – ҚазТАГ) арналған 3 күндік шаралардың ішінде бірінші болып, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Абай ат. мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисті Шахимардан Әбіловтың сәрсенбі күні кешкісін өткен шығармашылық кеші болды», - деп хабарлады агенттік тілшісі.
Алғашқы «Абай әлемі» музыкалық кеш ақынның өлеңдерінен, оның орыстың және шетел ақындарының өлеңдеріне қазақша аударылып жазылған алғашқы романстарынан, сондай-ақ ақын және қазақ халқының данышпан ағартушысынан нәр алған композиторлар мен ақындар жазған өлеңдерден тұрды.
Абайға арналған мерейлі салтанаттар 6 және 7 тамызда жалғасады.
Мысалы, бейсенбі күні Шәкәрім ат. Семей МУ-де «Абай» атты деректі фильм көрсетіледі. Одан кейін Абай ат. театрда «Адамзаттың Абайы»  салтанатты шаралары мен мерекелік концерт өтеді.
7 тамызда Жидебай-Бөрілі шатқалында Абай бейітінің басында Құраннан сүрелер оқылып, мұражайға саяхат болады.
Мерейлі мерекеде Абай ауданының орталығында «Қазақ күресінен» Қазақстан ашық чемпионаты өтеді және «Абай тойының бас палуаны» жарысы болады.
Сондай-ақ «Абай тойы – халық тойы» шаралары, «Азаматтың бәрін сүй, бауырым деп» тақырыбында республикалық ақындар айтысы  мен Қарауыл төбе бөктерінде «Жорға жарыс», «Аламан бәйге»  жарыстары өтеді.


Жаңалықтармен бөлісу: