Алматы. 9 тамыз. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Семей ядролық полигон аумағы денсаулыққа зиянды емес, деп есептейді ҚР ЭМ «Гефизикалық зерттеулер институты» РМК бас директоры Надежда Беляшова.
«Ондағы жағдай келесідей, онда негізінен аумақ қауіпсіз болып келеді, ол таза. Бірақ, мысалы, Дегелен тау массиві бар. Онда сынақтар шахталарда жасалған. Құрама Штаттары қаржыландырған үлкен бағдарламаны атқару барысында барлық штольнилар жабылды, бетондалып тасталды, дегенмен олар қоршалған, онда баруға тыйым салынған және ол көптеген жылдарға сақталады, ал шындап келгенде, ол қауіпсіз.
Полигонда осын секілді баруға тыйым салынатын бірнеше жер болатын шығар, бірақ, жалпы алғанда, ол қауіпсіз. Олар қазірдің өзінде жабық, бірақ бір жерлері ашылады, ал бір жерлері әлі көп жылдары жабық болады», - деді Т. Беляшова сейсенбі күнгі «Ядролық сынақтар мен оның салдарының мониторингі» атты халықаралық конференцияда.
Бұл ретте ол, дегенмен жағдай үнемі бақылау мен мониторингіні қажет ететінін айтты.
«Келешектегі салдары туралы. Десекте жер астына миллиондаған кюри сіңдірген екенбіз, оның салдары болмас деп үміт етміз, дегенмен ол үнемі бақылауды қажет етеді, себебі жер асты сулары таралады және ол өзімен бірге жер астындағыны таратуы мүмкін ғой. Қандай да техногендік апат бола ма, жер қыртысы бұзылса, ондағының барлығы тарала бастайды. Бірақ ол мәселе үнемі бақылауда тұр», - деді Т.Беляшова.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46