Семейде 12 мың бала балабақшаларда өз кезегін күтуде

Күні: 14:10, 09-02-2015.

Семей. 9 ақпан. ҚазТАГ – Семейде балабақшаларда 12 мың бала өз кезегін күтуде, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
Қала әкімшілігінің мәліметтерінше, 2014 жылы Семейде 252 орындық 4 балабақша ашылды, 14 жекеменшік мектепке дейінгі мекемеде мемлекеттік тапсырыспен 1782 бала орналасты. «Бірақ қалада проблема шешілген жоқ: балабақшалардағы кезекке 3-ке дейінгі 12 мың бала тұр. Мектепке дейінгі мекемелердегі орынның жетіспеушілігі қалада лайықты ғимараттардың жоқтығы мен демографиядағы оң өзгерістерге байланысты болып отыр: 2014 жылы Семейде 6582 бала дүниеге келді. Ал 2013 жылы 6215 бала туылған», - деді Семейдің әкім орынбасары  Зәуреш Исабаева дүйсенбі күні.
Оның айтуынша, Семейде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы аясында балабақша құрылысына арналған концессиялық жобалар іске асырылады. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігі Семейде 1290 орындық 5 мектепке дейінгі мекеме құрылысын 20 жылдық мерзімге концессиялық жобамен іске асыруда. Оған байқау да жарияланып қойылды.
«Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік өңірлік орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әлия Масақова түсіндіргендей, концессиялық жобаның құны Т2 млрд 639 млн тұрады.
«Басында қаржыландыру көзі ретінде 10% инвестиция мен 90% қарыз тарту болуы мүмкін. Жер тегін беріледі, құрылыс мерзімі 10 ай. Құрылыстың барлық шығындарын облыстық бюджет өзіне алады», - деп түсіндірді Әлия Масақова.
«Нысан коммуналдық меншікке тапсырылған соң, ол 20 жылға инвесторларға пайдалануға тапсырылады», - деді Ә. Масақова.


Жаңалықтармен бөлісу: