Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Семейде әуе шабуылынан қорғаныстың (ӘШҚ) жаңа командалық пункті ашылды, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ведомство сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, әуе шабуылына қарсы қорғаныстың жаңа командалық пункті әуе шекарасындағы қауіпті секундтық дәлдікпен анықтайды. Жаңа командалық пункт жауынгерлік кезекшілікті атқаруды ұйымдастыруға және бағынысты бөлімшелерден радиолокациялық ақпаратты алуға арналған. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінің командалық пункті жоғарғы заманауи құралдың көмегімен әуе шекарасындағы қауіпті секундтық дәлдікпен жазып алады, сондай-ақ әуедегі нысананы жоюды басқара алады. Аталған жабдық автоматтандырылған басқару жүйесімен және басқа да байланыс түрлерімен жабдықталған. Бұл өз кезегінде жауынгерлерге жүктелген тапсымаларды сәтті орындауға мүмкіндік береді. Жаңа командалық пунктің тұрмыстық ахуалы жақсарып, жанар-жағар майды үнемделуде және бөлім жеке құрамының жұмыс орнына келу уақыты қысқарды. Мұнда жеке құрамның кезекшілік атқаруы үшін барлық жағдай жасалған. «Бұл командалық пунктінің ашылуы өте маңызды. Бұл - еліміздің стратегиялық сипаты мен қорғаныс қабілетін көрсететін жаңа сапалық деңгей. Өйткені, әскери бөлімнің аймақтық шекаралары үш облыстың, атап айтқанда, Шығыс-Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарының аумағында орналасқан», - деп атап өтті 25750 әскери бөлімінің штаб бастығы Серік Исмаилов. Осынау іс-шара Семей өңірлік гарнизонының қалалық офицерлер үйінде әскери оркестрдің және Қарулы Күштер ардагерлерінің қатысуымен жауынгерлік кезекшіліктің барлық дәстүрлерінің сақталуымен салтанатты деңгейде өтті. Запастағы полковник Александр Недопека құттықтау сөзінде командалық пункттің маңыздылығы мен оның әскери бригадасына радиолокациялық станцияның ақпараттарын тез және сапалы түрде беру мүмкіндігіне, сондай-ақ, автоматтандырылған басқару жүйесінің ерекшелігіне тоқталып өтті.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті құрылады
9 Қыркүйек 2024, 11:14 -
Қазақстандық оқушылар Экономика бойынша Халықаралық олимпиадада жүлдегер атанды
9 Қыркүйек 2024, 11:11 -
Қазақстанға Көшпенділер ойынында көкпарға қатысу үшін америкалық ковбойлар келді
9 Қыркүйек 2024, 10:56 -
Талдықорғанда орамдық қазандық салуға Т9,7 млрд астам қаражат жұмсамақ
9 Қыркүйек 2024, 10:40 -
Дүйсенбі күні Астанада және Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды
9 Қыркүйек 2024, 10:00