Астана. 22 қаңтар - Жанболат Мамышев. ҚР парламенті сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына байланысты мұражай ашуды ұсынды.
«Ағымдағы жыл қазақ елі үшін мерейтойға толы болмақ - Қазақ хандығына 550 жылдығы аталып өтеді. Негізгі шараларды Жамбыл облысында өткізу жоспарлануда. Қазақ хандығының астанасы, хандар, батырлар, билер мен қазақ халқының шешендері сол Түркістан қаласында туып-өсіп, сол жерде өмір сүрген. Көптеген тарихи оқиғалардың өзі осы Түркістан жерінде болған. Сондықтан Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдығын да осы Түркістан қаласында атап өту қажет», - деді Қ.Айтаханов ҚР премьер-министріне жолдаған сауалында.
«Бұл жерде (Түркістанда - ҚазТАГ) 21 қазақ ханы мен қазақ халқының басқа да қайраткерлері жерленген, сондықтан 550 жылдық мерейтой қарсаңында Қазақ хандығының мұражайын ашу тарихқа көрсеткен құрметіміз болар еді. Ол жерде Хазрет-сұлтан мавзолейінің жанында қазір қалалық қазынашылық бөлімі ораналасқан ғимарат бар, патшаның әскери горнизоны ретінде қолданылған ғимарат бар. Біздің осы ғимараттарды қазақ хандығының мұражайы етіп қайта өзгертуге мүмкіндіктеріміз бар», - деп атап өтті сенатор.
Оның айтуынша, мерейтойда Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізіп, қазақ хандығының ескерткішін орнатып, мұражай ашу керек.
Қатысты сілтемелер
-
Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
9 Қыркүйек 2024, 17:22 -
Тоқаев Бектеновке бірқатар тапсырма берді
9 Қыркүйек 2024, 16:55 -
Тоқаев еліміздің әскери ұйымын жетілдіруді тапсырды
9 Қыркүйек 2024, 16:45