Серік Ахметов аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған деп айыпталуда

Күні: 18:37, 19-11-2014.

Қарағанды. 19 қараша. ҚазТАГ – ҚР экс-қорғаныс министрі Серік Ахметов аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған деп айыпталуда және екі айға қамауға алынды, деп хабарлады Қарағандының Қазбек би аудандық сотының баспасөз хатшысы Әлия Жошева.
«Қарағандының Қазбекби аудандық сотының қаулысымен 2014 жылғы 18 қарашада Ахметов Серік Нығметұлы алдын ала тергеу органдары ҚР ҚК 176 б. 4 т. «б» тармақшасында қарастырылған (басқаның сеніп тапсырған мүлкін талан-таражға салу) жемқорлық ауыр қылмыс жасаған деп оқшаулау шарасы түрінде 2 айға 2015 жылғы 18 қаңтардың 23.00 сағатына дейін «үй қамауына алу» шарасын қолдануға санкция шығарылды», - деді ол сәрсенбі күнгі брифингте.
Ол, қаулы әлі заңды күшіне енбегенін және 3 күнде бұздырылуы мүмкіндігін айтты.
Аудандық сот баспасөз хатшысының айтуынша, оқшаулау шарасын қолданғанда тергеу де, прокуратура да С. Ахметовты қоғамнан оқшаулауды сұрамаған.
«Сот сондай-ақ Ахметовтың бұрын сотталмағанын, тұрақты мекен жайы барлығын, оның денсаулығын ескерді. Сондықтан да үй қамауы алынды», - деді ол.  
Бұрын хабарланғандай, жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Қарағанды облысының және Қарағандының, «ӘКК «Сарыарқа» ҰК» АҚ, «Металлургия-Металлобработка» ЕЭА индустриалдық паркі, «ҚазАгроҚаржы» АҚ бұрынғы басшылары: Әбдішев Б., Смағұлов М., Эссе А., Рақымжанов Г. мен тағы басқаларға қатысты бірқатар ауыр жемқорлық қылмыстық іс қарастыруда. Тексеріліп жатқан іс аясында Серік Ахметовқа да айып тағылды және оған қатысты Қарағандының Қазбек би ауданының соты «үй қамауы» шарасын қабылдау туралы шешім шығарды.


Жаңалықтармен бөлісу: