Сейсенбі күні Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«29 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», -делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
29 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, шығыстан 15-20 м/с жел күтіледі. Ақтөбе қаласында түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«29-31 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, шығыс, оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысқан желдің күші 15-20 м/с жетеді. 29 қаңтарда екпіні 23-28 м/с, 30-31 қаңтарда екпіні 25 м/с күшті жел соғады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-100%», - делінген хабарда.
29 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал.
«29 қаңтарда Қостанай қаласында жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.

adimage