Сейтқазы Матаев №2 ауруханаға жатқызылды

Астана. 5 қыркүйек. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевты Астананың №2 қалалық ауруханасына жатқызды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Мен сотқа бара жатыр едім, маған күзетшілердің бірі үрейлі дауыспен телефон шалды. Ол Сейтқазы Бейсенғазиұлының қан қысымы 240/141 деді. Мен оларға, егер өздерің көмектесе алмасаңдар, «жедел жәрдем» шақыртыңдар дедім», - деді Андрей Петров дүйсенбі күнгі сотта.
Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің қызметкерінің айтуынша С. Матаевты №2 ауруханаға апара жатыр.
Сол себепті сот отырысын жағдай анықталмайынша деп, сағат 11-ге қалдырды. Адвокат сот отырысын түстен кейінге қалдырылуын сұрады.

adimage