Сейтқазы Матаев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды

Күні: 17:31, 04-12-2017.

Алматы. 4 желтоқсан. ҚазТАГ - Мадина Әлімханова. Қазақстан Журналистер Одағының басқарма төрағасы Сейітқазы Матаев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.
«Менде ерекше қуаныш жоқ, мен өзімді еркіндікке шықтым деп ойламаймын, себебі менің ұлым түрмеде отыр. Бұл саяси тапсырыс болды, мен де, ұлым да кінәлі емеспіз. Ең бастысы, бізде рухымыз бар, біз осы рухтың арқасында шыдадық», - деді С.Матаев дүйсенбі күні.
Хабарланғандай, 30 қарашада Қапшағай қалалық соты С.Матаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы шешім шығарды.


Жаңалықтармен бөлісу: