Сейтқазы Матаев рақымшылыққа үміт артпайды және барлық сот сатысынан өтуге ниетті

Күні: 13:07, 05-12-2016.

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев рақымшылққа үміт артпайды және барлық сот сатысынан өтуге ниетті, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Сейтқазы Бейсенғазыұлы рақымшылыққа соншалықты бір үміт артып отырған жоқ, оның еңсесі биік, ол Қазақстан Республикасының барлық сатысынан өтіп, халықаралық деңгейге шығуға, адам құқығы жөніндегі халықаралық соттарға шығуға ниетті», - деді адвокат Мәдина Бакиева дүйсенбідегі сот отырысынан кейін журналистерге.  
Ол рақымшылық жобасы бойынша (егер депуттаттар өзгеріс енгізбесе) жасының үлкендігіне байланысты С.Матаев мерзімін қысқарту бөлігіне түсетінін айтты.  
«Өткен аптада оны тергеу изоляторының дәрігері кардиология орталығына жатқызғысы келді, бірақ ол бас тартты. Себебі ол мекемеге, дәрігерлер мен басқаларға қолайсыздық тудырғысы келмейді. Ол тергеу изоляторындағы дәрігерден амбулаторлық ем қабылдап жатыр.   Олар оның қан қысымын бақылап отыр, оған дәрілерін, тонометр, медициналық препараттарын қолдануға рұқсат етілді. Ол тергеу изоляторында Әсетпен бірге жатыр», - деді қорғаушысы.  
Сонымен қатар ол сотта сотталушылар С.мен Ә.Матаевтардың қатыспауын да түсіндірді.  
«Қылмыстық-процессуалдық кодекс бойынша апелляцияға егер прокурордың қарсылығы бойынша жазаны күшейту немесе дәлелдерді зерттеу қаралатын болса ғана әкеледі (...), сот ол қажет емес деп тапқан болар, мүмкін», - деді ол


Жаңалықтармен бөлісу: