Сейтқазы Матаевты Астана ауруханасына жатқызды

Астана. 23 тамыз. ҚазТАГ – ҚР журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевты Астана ауруханасына жатқызды, деп хабарлады адвокат Мәдина Бакиева.
«Иә, ауруханаға кем дегенде 5 күнге жатқызды», - деді М. Бакиева. Оның қан қысымын 200/130-ға дейін ғана түсірді, және оған дәрігерлердің бақылауы керек.
Бұл ретте ол сот отырысын С. Матаевтың қатысуынсыз жалғастыру мәселелсін ертеңгі сот отырысы шешеді деді.
«Куәлардан жауап алу мәселесі шешіледі. Сотқа тартылып отырған адамның қатысуынсыз басты сот отырысын өткізу мүмкін емес», - деді М. Бакиева.
Еске салсақ, Астанада 23 тамызда С. Матаев пен Ә. Матаевтың басты сот отырысы басталды.
Сот процессін Астана қаласының №2 Есіл аудандық сот төрағасы Ақболат Құрмантаев жүргізуде. Отырыс барысында С. Матаевтың жағдайы нашарлап кетті. Оның қан қысымы көтерілді. Сотқа жедел жәрдем шақырылып, сот отырысында үзіліс жарияланды. Одан кейін судья сот отырысы 24 тамызға 09.30-ға ауыстырылады деп жариялады.

adimage