Сейтқазы Матаевтың ісінде нүкте қоюға әлі ерте – ресейлік саяси шолушы

Алматы. 4 қазан. ҚазТАГ- Сейтқазы Матаев жасады-мыс деген экономикалық қылмыстың астарында саяси негіз жатыр, деп санайды саяси шолушы  Михаил Ростовский.
«Әңгіме тіпті де республиканың журналистік қоғамына қара белгі жіберуге талпыну туралы емес. Әңгіме Қазақстан билігінің жоғары эшелонындағы саяси күрес туралы – кейбір саяси ойыншылардың республикадағы мемлекет басшысы ауысқан кезеңде өздеріне жайлы орын тағайындап қойғысы келетін ниеттерінде», - деп мәлімдеді   «Московский комсомолец» басылымында  М.Ростовский.
Оның пікірінше, Қазақстандағы жоғары саяси ойыншылар үшін БАҚ «сасяи ықпал ету каналы, керек сәтте ақпараттық күн тәртібін қалыптастыру мүмкіндігі, қарсыласына компромат лақтыру, өз тұлғасын мақтап қою үшін қызықты» .
Ол «Сейтқазы Матаевты айыптау үкімі көптеген қазақстандық шенеуніктер үшін өз қара басын аман алып қалу мәселесіне айналып кетті» деп санайды.  
«Матаевтың нұсқасы бойынша: шенеунік одан ҚазТАГ-ты беруді сұрайды. Матаев қарсылық білдіреді, сөйтіп шенеунік оны жазаламақшы болады. Ары қарай ойынға тігілген ставка арта түсті. Матаевпен жақсы қарым-қатынасы сақталған президент Назарбаев оны қудалаушыларға ультиматум қойды: сіздер не оған тағылып отырған айыптардың бос сөз емес екенін дәлелдейсіздер, не болмаса сіздердің өздеріңіз қатаң жазаланасыздар. Сейтқазы Матаевты айыптау үкімі көптеген қазақстандық шенеуніктер үшін өз қара басын аман алып қалу мәселесіне айналып кетті. «Мен оқиғаның бұл нұсқасының 100% әділ екеніне сенім білдіре алмаймын. Мен басқаға сенімдімін: Сейтқазы Матаевпен орын алып отырған оқиғаның осы нұсқасы Қазақстанның саяси ортасында барынша шындыққа саяды», - деп атап өтті М.Ростовский.
«Мен Сейтқазы Матаевтың ісінде нүкте қоюға әлі ерте екенін сеземін. Ол нүктені Нұрсұлтан Назарбаев – саяси түйсігі өте жақсы дамыған және дұрыс ойлау қоры бай көшбасшы қояды деп үміттенемін.  Қазақстан секілді елде бір «қожайын» болу керек – оның заңды президенті», - деп санайды ол.  

adimage