Алматы. 23 ақпан. ҚазТАГ Қазақстан журналистері ҚР Журналистер одағы басқармасының басшысы Сейтқазы Матаевты қолдап бас прокуратураға үндеу жолдады.
«Иә, біз хат түрінде бас прокуратураға біздің (журналистердің ҚазТАГ) үндеуімізді жолдадық. Бас прокуратураның блогына жіберуге тырысып едік, бірақ техникалық себептерге байланысты жүктелмеді. Біз ол хатты бас прокуратураға жеке сұрақ ретінде жолдадық, және ол хат оқылуды күтіп тұр. Онда 378 қол бар, алайда әлі де бұрынғыша қол жинау жүріп жатыр», - деді «Қазақстан журналистері» тобының әкімшісі Маржан Елшібаева.
Бұл ретте ол аталмыш үндеудің ұжым болып жазылғанын түсіндірді.
Еске салсақ, жақында Қазақстан журналистері С.Матаевты қолдап бас прокуратураға жазылған үндеуге қол жинауды бастаған еді.
«Біз бас прокуратурадан осы іс бойынша тергеуді ерекше бақылауға алып, тергеу амалдарына барынша ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуді талап етеміз. Біз, қоғамды тергеу барысы туралы үнемі және уақытылы хабардар ету, туындаған сұрақтарға нақты және екі ұшты емес жауап беру ғана өсек-аяңның тарап кетуінің алдын алып, алдын-ала кесіп-пішілмеген тергеуді қамтамасыз етіп, қоғамда кейін сауал туындамайтындай нәтиже беретініне сенімдіміз», - делінген үндеуде.
Бұл ретте заңмен кепілдендірілген кінәсіздік презумпциясын сақтау қажеттігі атап көрсетілген.
«Біз сондай-ақ, ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік басшыларының назарын заң бойынша адамды қылмыскер деп тек сот қана атай алатыныа аударамыз. Сондықтан бүгін таратылған құжаттағы Матаевтың әрекетін «Матаевтар жасаған сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстар ауыр болып табылады» деп баяндаудан тартынуды өтінеміз. Әдетте, прокуратура мен мемлекеттік қызметкерлер бізге, журналистерге, кінәсіздік презумпциясының барын ескертіп, сот шешімі шыққанша адамды кінәлауға болмайтынын айтып жатады. Алайда қазір біз ондай әрекетке мемлекеттік қызметкерлердің өздерінің де барып жатқанын көріп отырмыз, ал оған Қазақстан заңнамасы тұрғысынан да, этикалық нормалар тұрғысынан да жол берілмеген», - делінген құжатта.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46