Алматы. 16 наурыз. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Алматыда 18 наурызға жоспарланған Сейтқазы Матаевты қолдау комитетінің «Журналистерді отырғызбаңыздар - ағаш отырғызыңыздар» акциясы Наурыздан кейін өтеді, деп хабарлады «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Калеева.
«Біз бұл акцияны Наурыздан кейін, сайлаудан кейін өткізуді шештік. Әрине, оны істегіміз келіп тұрған жоқ, дегенмен, журналистерді қолдау кампаниясының беделін түсіру үшін арандату – одан да жаман. Сондықтан осындай шешім қабылданды. Алайда ағаштар отырғызамыз», - деді Т.Калеева сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте ол онда бар ақпар бойынша акция өткізу кезінде арандатушылық орын алуы мүмкін екендігін түсіндірді.
«Өздеріңіз білесіздер, біз 18 наурыз, жұма күні үлкен қалалық, ұлттық акция шеңберінде бейбіт акция өткізуді, «Журналистерді отырғызбаңыздар - ағаш отырғызыңыздар» ұранымен көшеттер отырғызуды жоспарладық. Алайда арандатушылақ орын алуы мүмкін деген үлкен қауіп төнді. Біз рұқсат етілмеген митинг, рұқсат етілмеген пикет дегеннің не екенін жақсы білеміз. Біз ешқандай ұрандар мен транспаранттарды жоспарлаған жоқпыз, біз көшеттер сатып алдық, тіпті ұранның өзі транспарент ретінде ілінбеуі керек болатын. Бірақ бұл біреулердің алаңдаушылығын тудырса керек және мұны әлдекімдер бізді митинг туралы заңды бұзып жатыр деп айыптауға себеп ретінде пайдалануды шешкен», - деп түсіндірді Т.Калеева.
Қатысты сілтемелер
-
Жамбыл облысында автомобиль өткізу пунктін салуға Т10 млрд астам жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 16:18 -
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
6 Қыркүйек 2024, 16:16 -
Астанадағы Тельман кенті ауданында техникалық суағар салуға Т15,3 млрд жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 14:54 -
Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын және үсік күтіледі
6 Қыркүйек 2024, 14:51