Сейтқазы Матаевтың ұсталуы жарылған бомбадай әсер қалдырды - Deutsche Welle

Күні: 16:02, 23-02-2016.

Алматы. 23 ақпан. ҚазТАГ  Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың ұсталуы жарылған бомбаның әсерін қалдырды, деп жазады  Deutsche Welle неміс басылымы.
«22 ақпан күні таңертеңгісін жарық көрген Алматы қ. сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық департаменті қызметкерлерінің Қазақстан журналистер одағының, ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің, Ұлттық баспасөз клубының басшысы Сейтқазы Матаевтың ұсталғандығы туралы хабар жарылған бомбаның әсерін қалдырды.  Қазақстан тарихында елдегі барлық БАҚ-тың  алғаш рет Матаевты сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро тергеушілерінің мәжбүрлеп алып кеткені туралы жазып отырғаны шығар», - делінген жарияланымда.
Басылым еске салғандай, кейін ұлттық бюро С.Матаевты тек тергеу сараптамасын жүргізу үшін ғана алып кеткендерін айтып, бұқараны тыныштандырды. Ал оған Журналистер одағының төрағасы барудан бас тартқан болса керек. Алайда, жақын арада белгілі болғандай, ол ауыр сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстар жасаған деп айыпталуда, ол үшін 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.  
DW жазып отырғандай, Қазақстан журналистер қауымдастығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаментінің хабарын сақтықпен қабылдады.  Себебі Сейтқазы Матаевты сотқа дейін қылмыскер деп жариялаған, деп көрсетеді DW берген сұхбатында Қазақстанның белгілі журналисі Вадим Борейко.
Бұл пікірді тек қазақстандық журналистиканың мэтрі ғана ұстанып отырған жоқ.  Сейтқазы Матаевтың ұсталуына қатысты өздерінің үндеуінде шамамен елдегі 300-дей  белгілі журналист Қазақстан бас прокуратурасынан «осы іс бойынша тергеуді ерекше бақылауға алып, тергеу амалдарына барынша ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуді» талап еткен.  
«Біз жүргізіліп жатқан тергеуге баға бермейміз және айыптаулардың негізділігін де талқылауға тырыспаймыз. Алайда мынаны айтқымыз келеді, Сейтқазы Матаев  Қазақстанға белгілі журналист және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы президентінің бұрынғы баспасөз хатшысы, жоғары беделге ие және біздің елде ғана емес, шетелдегі де  әріптестері мен саясаткерлер арасында белгілі бір беделі бар адам.  Оның атына айтылған ауыр айыптаулар, оның үстіне олардың электоралды кампания кезінде тағылуы, сөз бостандығын шектеуге тырысу деп түсініліп, ҚазТАГ ақпараттық агенттігі мен Ұлттық баспасөз клубының қызметін тоқтатуы мүмкін», - делінген Қазақстан журналистерінің мәлімдемесінде.  
Бұл ретте, DW-ге берген сұхбатында ҚазТАГ агенттігінің бас директоры Әсет Матаев Алматы қ. сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының оны және әкесі Сейтқазы Матаевтан мәжбүрлеп алып кеткендерін жария етпейміз деп сендірген, өйткен жағдайда кері қайтарға бет жоқ болады.
Оның айтуынша, мәселе ҚазТАГ агенттігі мен Ұлттық баспасөз клубының  экономикалық қызметінде емес, кей адамдардың оның әкесінің ерекше бір азаматтық ұстанымын жазалау ниеті болып отыр. Оған қоса, Ә.Матаевтың санауынша, «тапсырыс берушінің»  арам пиғылы да бар.  ҚазТАГ агенттігіне тиесілі Астана мен Алматы орталығындағы ғимаратын иемдену. Ә. Матаев әзірге «тапсырыс берушінің» атын атауға дайын емес екенін атап өтті, себебі оның әкесіне әзірге қауіп төніп отыр.  


Жаңалықтармен бөлісу: