Сейтқазы Матаевтың қылмыстық ісі өзгертілді

Алматы. 25 мамыр. ҚазТАГ – ҚР Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевқа қатысты қылмыстық іс қайта өзгертілді, деп хабарлады халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры.
«Аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған-мыс деп айыпталып жатқан Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың  ісі қызметтік жағдайын пайдалана отырып, сенімді асыра пайдаланған деген басқа бапқа өзгертілді. 23 мамырда Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің  шұғыл тергеу тобы қылмыстық істі өзгерту туралы жаңа қаулы қабылдады», - деді С.Матаевты қолдау комитетінен.
Қор хабарлағандай, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаментінің басшысы Шаттық Өтеев 2011-2015 жылдар аралығында мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындау барысында Т300 млн-нан астам қаржыны жымқыру фактісі анықталды деп мәлімдеген еді. Сондай-ақ, ол бұл қаржының көп бөлігін иемденіп алған деді, және бұл қылмыс өте ауыр болып табылатынын айтқан. Брифингтен кейін С.Матаев үй қамағына алынды.  
Өз кезегінде Журналистер одағының басшысы сотқа дейінгі тергеу барысында кінәсін мойындамады, барлық тағылған айыптарға қарсылығын танытты.  Ол сондай-ақ қылмыстық іс тоқтатылуына айырбас ретінде тергеуге көмектесуден  бас тартты. Бұл ретте ол өзінің бюджет қаражатына ешқандай қатысы жоғын бірнеше мәрте айтты, себебі мемлекеттік ақпараттық саясатты тарату бойынша ешқандай шартқа отырмаған және Ұлттық баспасөз клубының есеп шотына қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті арқылы ешқандай қаржы түспеген.
Ол қылмыстық іс қозғалуын оның азаматтық ұстанымының беделін түсіру және кәсіби қызметін шектеу мақсатында жоғары тұрған шенеуніктердің тапсырысы деп санайды. Оның қорғаушылары қылмыс құрамының болмауына байланысты істі тоқтату туралы қадағалау органына жүгінген.
«Әділ сөз» хабарлағандай, С.Матаев жұртшылық пен халықаралық баспасөздің қатысуымен өтетін ашық сотта барлық тағылып отырған айыптарды жоққа шығаруға дайын.
Бірқатар шетелдік БАҚ-тар, оның ішінде ВВС, Азаттық радиосы, Неміс толқыны, Рейтер, Франс-пресс, Ассошиатейд пресс, Гардиан, НТВ, Россия-24, Эхо Москвы, РБК, Московский комсомолец, Новая газета және т.б. сонымен қатар халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар, Халықаралық журналистер федерацияы, Халықаралық баспасөз институты, ТМД және Балтық жағалауы Журналистер одағының конфедерациясы, Орталық Азия мемлекеттерінің журналистер одақтары С. Матаевтың сотына қатыспақ ниетінің барлығын мәлім етті.
Одан басқа, АҚШ конгресінде С. Матаевтың ісі мен Қазақстандағы сөз бостандығына қатысты жағдай бойынша тыңдаулар болады деп күтілуде.

adimage