Сейтқазы мен Әсет Матаевтар «Цензура индексі» халықаралық ұйымының сыйлығын алуға үміткерлер қатарына ілікті

Күні: 15:45, 26-10-2016.

Алматы. 26 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен «ҚазТАГ» ХАА бас директоры Әсет Матаев «Цензура индексі» халықаралық ұйымының сыйлығын алуға үміткерлер қатарына ілікті.
«Цензура индексі» халықаралық ұйымы Сейтқазы Матаев пен Әсет Матаев ұйым атынан сыйлық алуға үміткерлер тізіміне енгізілді деп хабарлады», - делінген хатта.  
«Цензура индексі» – сөз бостандығына төнген қауіпті жоюға, адам құқығын ілгерілетуге және үкіметке, БАҚ пен әртістік ұйымдарға іс жүзінде көмек көрсетуге бағытталған шаралар жүргізумен айналысатын халықаралық ұйым, сондай-ақ ол сөз бостандығы шектеулерге тап болған журналистер, жазушылар, суретшілер мен белсенділер үшін мінбер ұсынады.  Ұйым әлемдегі сөз бостандығының бұзушылықтары туралы ақпаратты жинайды және таратады, тоқсан сайын өзімен аттас журнал шығарады. 1972 жылы негізі қаланған. Штаб-пәтері Лондонда орналасқан.  


Жаңалықтармен бөлісу: