Сейтқазы мен Әсет Матаевтардың ісі бойынша Астана сотының апелляциялық коллегиясының үкімі 9 желтоқсанда жарияланады

Күні: 11:39, 06-12-2016.

Астана. 6 желтоқсан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаевтың қылмыстық ісі жөніндегі  Астана сотының апелляциялық коллегиясының үкімі 9 желтоқсанда жария етіледі, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Коллегия кеңесу бөлмесіне өтеді, сот актісін жария ету шамамен 9-ы күні сағат 11.00-де болады», - деді астана сотының апелляциялық сот коллегиясына төрағалық етуші судья  Алма Есімова сейсенбідегі сот отырысында.  
«Егер қандай да бір себептер бойынша жария ету уақыты өзгерсе, онда сот отырысының хатшысы сіздерге хабарлайды», - деді ол.  


Жаңалықтармен бөлісу: