ШҚО-да Қазақстанның киелі жерлер картасына Қоңыр-Әулие үңгірі және Шелекті аңғары мен Ырғызбай Досханұлының мавзолейі енді

Семей. 12 шілде. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысынан Қазақстанның киелі жерлер картасына Қоңыр-Әулие үңгірі және Шелекті аңғары, Берель қорғандары мен Ырғызбай Досханұлының мавзолейі енді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Шығыс Қазақстан облысының киелі жерлер картасын әзірлеу барысында сарапшылар 37 басым жобаны таңдады. Қазіргі сәтке картаға төрт нысан ғылыми негізделген түрде және сипаттамасымен енгізілді: ол Абай ауданындағы Қоңыр-Әулие үңгірі, Шелекті аңғары мен Берель қорғандары, Тарбағатай ауданындағы Ырғызбай Досханұлының мавзолейі», - деп хабарлады агенттік тілшісі сейсенбі күні.
Хабарда айтылғандай, ішінде ерекше көл орналасқан Қоңыр-Әулие үңгірі Ақтас тауында орналасқан. Қазақстанда ондай таулар үшеу ғана және олардың аттары бірдей.
Аңыз бойынша Нұх Пайғамбардың кемесіне үш әулие кешігіп қалады, бірақ олар үлкен бөрене ағашқа отырып, топансудан аман қалады. Кейін олар жерде бірнеше қасиетті жерлер ашады. Солардың бірі осы Ақтас тауындағы Қоңыр-Әулие үңгірі екен.
«Шыңғыс жотасының арт жағында, Ақтас тауын солтүстік-батыстан айналып өтіп, Шағанка өзеніне шықсаңыз үңгірді көре аласыз. Ақтас жотасы ақ әктастан тұрады және алыстан қарағанда жасыл шөптің арасында оның ақ шыңдары ағарып көрініп тұрады», - дейді тарих және құжаттандыру орталығының директоры Гүлнұр Қасымова.
Өлкетанушылардың сипатамасы бойынша, үңірге кірер ауыздың тарлығы соншама, оған адам бүйірлеп қана кіре алады. Кірер ауыздың биіктігі 2 метр. Үңгірде тереңдігі 5 м, ұзындығы 20 метр болатын көлшік бар.
«Үңгірге барғанда қатаң түрде дәстүрді сақтау керек: үңгір мен суға тек таза пейіліңізбен кіру керек, темекі шегуге, балағат сөз айтуға болмайды, әйелдердің басында міндетті түрде орамалдары болуы керек. Қоңыр-Әулие үңгіріне барғандар кейін бала көргендерін, ішкі ағза сырқаттарынан, есірткіқұмарлық пен маскүнемдіктен арылғандарын айтады», - дейді мамандар.  
Атақты Шелекті аңғарында ғалымдар 51 патша қорғанын анықтады. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары ғалымдар олардың ең үлкенін, біздің дәуірімізге дейінгі  VIII-VII тұрғызылған – «Алтын қорғанды» зертеді. Ол археологиялық сенсация Қазақстанның тағы бір «алтын адамы» деп қабылданды. Ол аң фигуралары түріндегі алтыннан жасалған 4325 тілім жапырақпен безендірілген киімімен жерленіпті. Ең қызығы – ұшында лазуриттен жасалған сәулелері бар бес жұлдыз – биліктің символы табылды.
Шелекті аңғарында ерте темір ғасырының екіжүзден астам ескерткіші бар, олардың 130-дайы сақ-скиф уақытына жатады. Одан басқа, осы аңғар мен тау бөктерлерінде қола дәуірінің қоныстары мен зираттары, түркі кезеңіне тән қоршаулар, қорғандар мен тас балбалдар  бар. Аңғарды қоршап тұрған тауларда қола дәуірі мен кейінгі орта ғасырға тән тасқа салынған суреттер бар.
Берель зиратын 1865 жылы орыс ғалымы В. Радлов зерттей бастаған. Дәл сол кезде және осы Берельде әлемдік жаңалық ашылды – қорған астындағы мәңгі мұз зерттеліп, сипатталды.  Ғалымдар әлі күнге осы құпияны аша алмай отыр. 1997 жылы Қазақстан ғалымдары берель қорғандарының ішіндегі ең үлкенінен бальзамдалған көсем денесін тапты. Онымен бірге әйел мен 13 жылқы жерленген екен. Онда табылған көркем бұйымдардың барлығы – зергерлік бұйымдардан бастап, ат әбзелдеріне дейін – алтынмен қапталған ағаштан жасалыпты.  
Ғалымдар Шілікті мен Берель тек патшаларды жерлейтін орын емес, барша көпшілік сиынатын, дұға оқитын, рәсім-жоралғыларды жасайтын қасиетті жер деп есептейді.
1787-1850 жылдары өмір кешкен Ырғызбай Досханұлы атақты емші болған. Бізге жеткен аңыз бойынша, Ырғызбай ата шөппен емдеген, сынықшы болған және тамыр ұстап диагноз қояды екен. Ол Абайдың әкесі – Құнанбайды емдеген.  
1924 жылы Шыныбай деген біреудің түсіне емші кіріп, басыма ескерткіш қойсаң перзент сүйесің деген соң, Ырғызбай зиратының маңына қоныпты. Шыныбай тас қорған тұрғызған екен, ол өлген үш ұлының орнына үш ұл сүйіпті.
Ырғызбай атаның қасиеті қазір де сезіліп жатады. Оның зиратының қасынан аурудан емделгісі келетіндер үшін рәсім жасайтын бөлме салынған. Мұнда белгілі ереже бар: арнайы бөлмелерде ұйықтаған соң, күн  шықпай кетіп қалуыңыз керек.  
Ескерткіш бірнеше рет жөнделіп, 1990 жылы силикат кірпіштен мавзолей тұрғызылды. Бұл ретте ол тас қорғанның үстінен салынып, саркофаг іспеттес болып тұр.

adimage