ШҚО-дағы бұғы өсірушілердің VI бүкіләлемдік конгресіне Нигериядан бұғы өсірушілер келеді

Астана. 22 тамыз. ҚазТАГ - Нұргүл Жігер. Шығыс Қазақстан облысында өтетін бұғы өсірушілердің   VI бүкіләлемдік конгресіне Нигерия Федеративті Республикасынан мамандар келеді, деп хабарлады Қазақстан бұғы өсіру қауымдастығының төрағасы    Нұрлан Тоқтаров.

«Конгреске шетелдегі бұғы өсіру және оны сауықтырудың түрлі салаларынан 37 маман қатысуға өтінім берген.  Жаңа Зеландиядан, Австралиядан, Канададан, Швециядан, Мексикадан. Ресейден қатысуға тілек білдіріп отырғандар қатары да баршылық. Нигериядан келгісі келіп отырғандар да бар, ол жақта да бұғы өсіруге қызығушылық танытады екен», - деді   Н. Тоқтаров жұма күні ШҚО-дағы бұғы өсіру мәселелері бойынша брифингте.  

Оның айтуынша,  бұғы өсірушілердің   VI бүкіләлемдік  конгресі Өскеменде 30 тамыздан 5 қыркүйек аралығында өтеді.  Үшінші форумды Қазақстанда өткізу туралы шешім   V  бүкіләлемдік конгресте қабылданған. Ол 2010 жылы Қытайдың    Чаньчунь қаласында өткен болатын.

adimage