«Шабыт» фестивалінің президенттік кубок пен Т250 мың жүлдені скрипкашы Мақсат Жүсіпов алды

Астана. 9 қараша. ҚазТАГ – «Шабыт» фестивалінің президенттік кубогы мен Т250 мыңжүлдені скрипкашы Мақсат Жүсіпов алды, деп хабарлады «Казахстанская правда» газеті.
«Дәстүрлі түрде «Шабыт» жыл сайын өзгеріп отыратын бірнеше атауға байқау жариялайды. Биыл әділ қазылар алқасы «Халық музыкасы», «Классикалық музыка», «Цирк өнері», «Бейнелеу өнері» және «Спорттық балдық билер» номинациялары бойынша байқауға қатысқандарды бағалады», - делінген жарияланымда.  
Фестивальдың бас жүлдесі – Қазақстан Республикасы президентінің кубогын алған скрипкашы Мақсат Жүсіпов болды. «Цирк өнері» атауында гран-прийді Серік Бурашев басқаруындағы Алматылық «ҚазМемЦирк» алды, «Спорттық балдық билер» атауында – Красноярскілік (Ресей) Роман Зотодов пен Анна Позднякова алды.
«Классикалық музыка» атауында жеңімпаздар: фортепиано – Рабиға Дүйсембаева, альт, виолончель, контрабас – Павел Романенко, скрипка – Мақсат Жүсіпов, академиялық ән шырқау – Шахризада Тыныштық атанды.
«Бейнелеу өнері» атауында: мүсін – Данияр Сарбасов, декоративтік-қолданбалы өнер – Алтынбек Есенғазиев. «Халық музыкасы» атауында: домбра – Сәкен Бегжанов, домбрамен ән айтуда – Жақсыкелді Маясаров атанды.
Биыл ҚР президентінің кубогы мен фестивальдің гран-прийіне таласқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Польша және т.б. елдерден 388 үміткер қатысты. 5 күн бойына қаланың ең жақсы алаңдарында үміткерлер танымал әртістер және музыканттардан тұратын әділ қазылар алқасының алдында өнер көрсетті.
Бұрын хабарланғандай, фестиваль жеңімпазы - Т250 мың, алтын медаль иелері -Т200 мыңнан, күміс медаль – Т150 иың және қола медаль алғандар – Т100 мыңнан сыйақы алады.

adimage