Астана. 5 ақпан. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Шамамен 100-дей қазақстандық жүрек ауыстыру кезегінде тұр, деп хабарлады «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Юрий Пя,
«Трансплантация жасау кезегіне 100-дей адам тұр, бірақ бізде оның баламасы да бар – ол жасанды жүрек имплантациясы, және біз оны сәтті жүзеге асырып жатырмыз», - деді Ю.Пя бейсенбідегі брифингте.
Бұл ретте ол балаларға жүрек ауыстыру отасының техникалық жағынан үлкендерге жүрек ауыстыру отасынан айырмашылығы жоғын атап өтті.
«Бұл медициналық қана емес, әлеуметтік те мәселе. Біз донор болуға моральдық тұрғыда дайын болуымыз керек. Бізде әзірге бұл артта қалып отыр. Қазір ересектерге донорлық ағзаны табу қандай қиын болса, балаларға тіпті қиын, бірақ екеуіне де дәл сондай ота жасалады. Ал сондай отаны жасай алатын мамандарға келсек, ондайлар бізде бар», - деп атап өтті Ю.Пя.
Ю.Пяның айтуынша, орта есеппен жүрекке бір ота жасау мемлекетке $20 мыңға шығады.
«Мемлекетке ондай бір ота қаншаға шығатынына келсек, әр түрлі. Мәселен жасанды жүрек имплантациясы секілді шығындары көп ота бар. Мемлекет сол шығындардың барлығын көтереді. Жалпы орта есеппен бір ота 20 мың доллар көлемінде болады», - деп атап өтті ол.
Қатысты сілтемелер
-
Интернет-қылмыстардың көпшілігі шетелден отырып жасалады- Бектенов
11 Қыркүйек 2024, 17:41 -
Қазақстан Мароккомен визасыз режим туралы келісім жобасын мақұлдады
11 Қыркүйек 2024, 17:26 -
Тоқаев жарлық шығарып, танымал қытайтанушы Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады
11 Қыркүйек 2024, 17:17