Швецияда 2014 жылғы нобель лауреаттарына сыйлықтар тапсырылды (Суретте мұсылман қыздарының білім алу құқығы үшін күрескер, 17 жасар құқыққорғаушы, пәкістандық Малала Юсуфзай мен балалар құқығын қорғаушы, үндістандық Кайлаш Сатиартхи)

Күні: 19:26, 11-12-2014.

Алматы. 11 желтоқсан. ҚазТАГ - Швеция королі Карл XVI Густав Стокгольм филармониясының залында медицина, физика, химия, әдебиет және экономика бойынша 2014 жылғы нобель лауреаттарына сыйлықтар тапсырды, деп хабарлады ТАСС.
«Әлемдегі ең танымал сыйлықтың 11 лауреаты монарх қолынан диплом мен алтын медаль алды. (...) Физиология мен медицина саласында сыйлыққа американдық Джон О'Киф, сондай-ақ Норвегиядан Май-Брит пен Эдвард Мозер «бас миында позициялық жүйе құрайтын жасушаларды» ашқаны үшін ие болды», - делінген хабарда.
Одан басқа, физикадан Исаму Акасаки, Хироси Амано (Жапония) және Сюдзи Накамура (АҚШ) «ақ түсті жарық беретін энергия үнемдегіш тиімді көк жарық диодтарын ашқаны үшін» нобель сыйлығының лауреаттары атанды. Химия саласында сыйлық Эрик Бетциг (АҚШ), Штефан Хеллю (Германия), Уильям Мернер (АҚШ) «өте күшті үлкейтетін флуоресценттік микроскопияны дамытқаны» үшін берілді. Әдебиет бойынша нобель сыйлығының лауреаты француз жазушысы әрі сценаристі Патрик Модиано «адам айтқысыз тағдарларды өмірге келтіріп, оккупация әлемін ашқан естелік өнері үшін» атанды. Француз ғалымы Жан Тироль «нарық және реттеу күштерін талдағаны» үшін Швецияның Альфред Нобель атындағы мемлекеттік банкінің 2014 жылғы лауреаты атынды.
Бейбітшілік сыйлығы Ослода пәкістандық құқық қорғаушы Малале Юсуфзаи мен Үндістаннан балалар құқықтары үшін күрескер Кайлаш Сатьяртхиге тапсырылды.
Сыйлықтың негізін қалаушы Нобель медальдары 18 караттық алтыннан дайындалған. Оның салмағы 175 гр. 1901 жылдан бастап физика саласында сыйлық 108 рет, химиядв - 105 рет, әдебиетте - 107 рет, бейбітшілік - 95 рет, экономикада (1968 жылдан бастап) - 46 рет берілді. Нобель сыйлығының тарихында ең жас лауреат - 17 жасар Малала Юсуфзаи болып, ең егдесі - 2007 жылы 90-ға толған экономист Леонид Гурвиц болды.
Тек 4 адам нобель сыйлығын екі рет алды: Мария Склодовская-Кюри (1903 - физика, 1911 - химия), Лайнус Полинг (1954 - химия, 1962 – бейбітшілік сыйлығын), Джон Бардин (1956, 1972 - физика), Фредерик Сенгер (1958, 1980 - химия).


Жаңалықтармен бөлісу: