Швециядағы сот 2010 жылы Ассанждың қамауына берілген ордерді өз күшінде қалдырды

Күні: 10:49, 21-11-2014.

Алматы. 21 қараша. ҚазТАГ – WikiLeaks саяси әшкерелеу сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанжды қамау ордері өз күшінде қалады, деп хабарлайды ВВС орыс қызметі.
«Швециядағы сот WikiLeaks саяси әшкерелеу сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанж адвокаттарының аппеляциясын қанағаттандырмай тастады және 2010 жылы оның қамауына берілген ордерді өз күшінде қалдырды», - делінген жариялымда.
Сот қорытындысында алдыңғы шешімді қайта қарау үшін Д. Ассанждың елшілікте болуы жеткіліксіз екені, және де қамауға алудың қазір орын алуы мүмкін еместігі айтылған.
Хабарланғандай, швед прокуратурасы 2010 жылы Швецияның екі азаматшасына қарсы жыныстық сипаттағы бірнеше қылмыстарды жасағаны үшін деген күдікпен аустралиялықты қамауға алуға тырысып бағуда. Сезіктінің өзі болса кінәсін толығымен жоққа шығарып отыр. Д. Ассанждың қамауына еуропалық ордердің 2010 жылдың 2 желтоқсанында берілгеніне қарамастан, ресми айыптаулар әлі күнге дейін тағылмаған.
Адвокаттар Wikileaks басшысының Эквадор билігіне жүгінуінің себебі Д. Ассанждың оны Эквадордың АҚШ-қа экстрадициялап жіберу қаупінде екенін атап өтуде, ол жақта оны тыңшылық жасап, мемдепартамент құжаттарын санкцияламай жариялағаны үшін ұзақ абақты мерзімі мен потенциалды өлім жазасы күтіп тұр.
Еске сала кетейік, 25 маусымда аустралиялық журналист 2014 жылғы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығына лайық болды. Оған «Журналистік тергеу» аталымының иегері дипломы жіберілді.
18 тамызда Д. Ассанж жақын арада Лондондағы Эквадор елшілігін тастап шығу ниеті жайлы мәлімдеді.


Жаңалықтармен бөлісу: