Шымкент инновация және индустрия орталығына айналуы керек – Назарбаев

Шымкент. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Н. Назарбаев Оңтүстк Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында өңірді дамыту бройынша атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты, сондай-ақ облыс жұртшылығымен кездесті, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Астанамен қатар біз республиканың басқа да қалаларын дамытуымыз керек. Тек ірі қалаларда ғана біз ғылым мен техниканы, мәдениетті дамыта аламыз. Осы бағатта Шымкент мәдениеті дамыған, инновация мен индустрия мамандары мекен ететін орталық болуы тиісті», - деді Н. Назарбаев бейсенбі күні.  
Оның айтуынша, жоғарыдағы мақсаттарға қол жеткізу үшін «аз жұмыс атқарылмаған».
«Бес жылда Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы екі есеге өскен. 300-ден астам мектеп салынып, 280 денсаулық нысандары тапсырылды. Өңірде әлеуметтік саламен қатар өнеркәсіп те дамуда, азаматтардың әл-ауқаты жақсаруда, білім саласында да аз жұмыс атқарылмаған. Шымкенттің жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының құрылысы менің жеке бақылауымда жүріп жатыр. Және бүгіндері мұнда конгресс-холл мен кітапхана салынған, облыстық әкімшілік ғимаратының құрылысы жүруде. Пайдалануға мұражайлар мен басқа да мәдениет мекемелері тапсырылды. Және осының барлығы халық игілігі мен өркендеуі үшін жасалып отыр», - деді президент.
Мемлекет басшысы «ірі агломерацияларды құра отырып, біз ел экономикасын нығайтып отырмыз» деп атап көрсетті.
Хабарда айтылғандай, мемлекет басшысының қатысуымен Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтерген «Түркістан» сарайы мен бес жұлдызды Rixos отелінің,  облыстық драма театрдың, жаңа тарихи-мәдени аймақтың, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының, салт-дәстүр орталығының ашылу рәсімі болып өтті.
Сондай-ақ Н. Назарбаев Шымкенттің еліміздің үшінші мегаполисі ретіндегі туристік мүмкіндігін дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.
Баспасөз қызметі еске салғандай, Шымкенттің солтүстік-шығысында 1,6 мың га ауданда жаңа әкімшілк-іскерлік орталық құрылысы салынып жатыр. Құрылысқа Т82 млрд-тан астам қаражат бағытталды, оның ішінде бюджет қаражатынан – Т18,6 млрд, жеке инвестициялар – Т64 млрд.
Құрылыстың бірінші кезеңінде 284 га ауданда «Түркістан» конгресс-холл, облыстық драмтеатры, «Отырар» кітапханасы, көрме орталығы, жаңа алаң мен аллея, тұрғын үйлер, қалалық емхана, «Назарбаев зияткерлік мектебі», заманауи медициналық және сауда кешендері салынды.
Одан басқа, облыс әкімшілігі ғимаратының құрылысы, «Оңтүстік» Қабылдау үйінің, 8 мың орындық орталық мешіттің, көркем гимнастика кешенінің, көп бейінді кәсіби техникалық колледждің, қалалық мұрағаттың, балалар бақшасының, мектеп, жалпы ауданы 740 мың шаршы метр болатын 167 көп қабатты үйлерден тұратын жаңа ықшамауданның құрылысы жүргізіліп жатыр.  
Хабарда айтылғандай, осы әлеуметтік нысандар пайдалануға келесі жылы қосылады.

adimage