Шымкентте құны Т42 млрд болатын сауда-ойын сауық орталығы салынады

Күні: 12:22, 26-10-2015.

Шымкент. 24 қазан. ҚазТАГ – Шымкентте құны Т42 млрд болатын сауда-ойын сауық орталығы салынады, деп хабарлады ОҚО әкімшілік баспасөз қызметінен.
«Шымкентте құны Т42 млрд болатын сауда-ойын сауық орталығы салынады. Құрылысқа жеке инвестициялар тартылады. Бұл туралы уағдаластыққа облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов пен инвесторлардың кездесуінде қол жеткізілді», - деп мәлім етті баспасөз қызметінен.
Әкімшіліктен атап өткендей, келешек сауда-ойын сауық орталығы елдегі ең ірі орталық болмақшы. Shymkent Mall кешені 38 га аумаққа орналасады. Оның жалпы ауданы 120 мың шаршы метр. Жоспар бойынша бір шатыр астында ондаған нысан орналаспақшы. Мысалы, гипермаркет 10 мың шаршы метрді алады, осындай ауданды көптеген дүкендер алады, оның ішінде ең үлкені - электроника дүкені – 2,5 мың шаршы метрді алады. Жоспар бойынша, СОСО-да ересектер мен балалар уақыттарын тамаша өткізуіне болады. Мысалы, отбасылық демалысқа заманауй дыбыстық техникамен жабдықт алған кинотеатр, көптеген қауіпсіз аттракциондары бар балалардың ойнайтын бағы қарастырылған. Шымкент үшін 15 мың шаршы метрге салынатын жабық аквопарк жаңалық болмақшы. Одан басқа, мұнда бірден 3 мың адам бола алатын фуд-корт, 40 мың шаршы метрде заманауи сән галереясы болады.
Құрылыс аяқталған соң жаңа ойын-сауық орталығында 4 мың адам жұмысты бола алады. Жоспар бойынша кешенде автобекет қарастырылған, ол бірден 350 жолаушыға қызмет көрсете алады. Баспасөз қызметінен атап кеткендей, кешен заманауи үрдістерді ескере отырып салынған және толығымен қалалық инфрақұрылымдық желілермен қамтамасыз етіледі.


Жаңалықтармен бөлісу: