Синоптиктер алдағы 3 күнде Қазақстанның басым аумағында қар аралас жауын жауып, тұман түсіп, көктайғақтанады деп болжап отыр

Астана. 27 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанның көптеген облыстарында 28-30 наурызда қар аралас жауын жауып, тұман түсіп, көктайғақтанады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Ресейдің Еуропалық аумағынан ығысқан атмосфералық тұтас ағым Қазақстан аумағы арқылы өтіп барады. Алдағы үш күнде ол республиканың басым аумағына қар аралас жауын әкеліп, тұман түсіп, көктайғақтанады», - деп көрсетілген дүйсенбі күнгі синоптиктердің болжамында.
Бұл ретте «Қазгидромет» мәліметтерінше, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстары Каспийдің үстінде қалыптасқан циклонмен байланыстағы ауа  ағымының ықпалында болады.
«Ол жерлерде де жауын жауып, түнде және таңертеңгі уақыттары жауынның аяғы қарға айналуы мүмкін, тұман түседі. Ауа температурасы климаттық нормадан 3-5ºС жоғары болады деп күтілуде», - деп хабарлады синоптиктер.
Қазақстанның батысында 30 наурызда ауа температурасы осы кезеңдегіден 2-4ºС төмен болады деп күтілуде.

adimage