Астана. 10 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанның оңтүстігінде 11-13 шілдеде ыстық басылып, күн күркіреп, өткінші жауын жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Таймыр аумағынан ығысып келген салқын ауа республиканың оңтүстік бөлігіне көптен күтілген салқынды әкеледі. Алдағы үшін күнде онда күн күркіреп, өткінші жауын жауады деп күтілуде», - делінген дүйсенбі күнгі хабарда.
Сондай-ақ ол атмосфералық салқын ауа Қазақстанның бүкіл аумағына ықпал етеді, сондықтан республиканың көптеген облыстарында күн күркіреп, өткінші жауын жауып, бұршақ жаууы мүмкін.
Астанада 11-13 шілдеде ала бұлтты, кейде жауын жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы да мүмкін, батыстан, солтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с, ауа температурасы күндіз +18+24°С.
Алматыда 11 шілдеде жауын жаумайды, 0-5 м/с жел тұрады, ауа температурасы күндіз +34°С. 12-13 шілдеде кейде жауын жауады, күн күркірейді, 2-7 м/с жел тұрады, күндіз +28+32°С.
Қатысты сілтемелер
-
Жамбыл облысында автомобиль өткізу пунктін салуға Т10 млрд астам жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 16:18 -
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
6 Қыркүйек 2024, 16:16 -
Астанадағы Тельман кенті ауданында техникалық суағар салуға Т15,3 млрд жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 14:54 -
Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын және үсік күтіледі
6 Қыркүйек 2024, 14:51