Синоптиктер алдағы үш күнге Қазақстанда екпіндетіп жел соғып, жауын жауады деп отыр

Астана. 6 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанда 7-9 маусымда кей жерлерінде күн күркіреп, жауын жауады, екпіндетіп жел тұрады, бұршақ та жаууы ықтимал, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Алдағы үш күнде республиканың барлық дерлік аумағында Ресейдің еуропалық бөлігінен ығысқан атмосфералық ағым жауын әкеледі, күн күркіреп, екпіндетіп жел тұрады», - делінген дүйсенбі күнгі хабарда.  
Синоптиктердің мәліметтерінше, батыс және солтүстік облыстарда ауа температурасы көпжылдық орташа мәнге ие болады және кей жерлерінде нормадан 1-2ºС төмен болады.
«Қалған аумақта ол нормадан 2-4ºС жоғары болады», - делінген мәтінде.

adimage