Синоптиктер қараша айында-ақ Қазақстанға 30 градус аяз келеді деп ескертеді

Күні: 18:34, 16-10-2017.

Астана. 16 қазан. ҚазТАГ - Арсен Асқаров. Қараша айында-ақ Қазақстанда аяз 30 градусқа жетеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК гидрометеорологиялық орталығының директоры Марина Шмидт.
«Биылғы жылдың қараша айы жауын-шашынды және желді болады, таңертең және түнде тұман түсіп, көктайғақтанады.
Айдың екінші жартысында республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында жел күшейіп, қалың қар жауып, бұрқасындатады.
Қараша айының соңында Қазақстанның солтүстік жартысында түнде ауа температурасы 30°C аяз, күндіз 15°C аязға дейін төмендейді. Республиканың оңтүстік жартысында күнде минус 15 градус, күндізгі уақытта - 5 аязға дейін болады деп күтілуде», - деді М.Шмидт дүйсенбі күні брифингте.
«Қазгидрометтің» деректеріне сүйенсек, Қазақстанда қыс мезгілі ерте түседі және қарлы болады. Арктиканың суық ауа массасының жиі енуі республиканың шығыс жартысында суық және қарлы ауа-райын тудырып, ал батысында - жылы ауа массасы келуімен бірге қары аз, жылы ауа райы (нормадан 1°С жоғары) қалыптасады.  
Қыстың ең суық айы - қаңтар.
Сібір антициклонының үстем болуымен елдің басым бөлігінде температура фоны көпжылдық мәннен 1-2°С төмен болады деп болжануда. Қазақстанның батыс және қиыр оңтүстік өңірлері басқаша болады, онда температураның нормаға жақын мәнде болады деп күтілуде. Сол айда жауын-шашынның мөлшері батыста, оңтүстіктегі, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы және тау бөктері аудандарында норома маңында болады.
Ақпан айында қалың қар жауып, күшті жел тұрып, бұрқасындатады.
Бұл ретте елдің солтүстік-батыс бөлігінде, суық ауа массасының ультрополярлы енуімен, ауа райы орташа аязды және ауа температурасы климаттық нормадан 1-2°C төмен болады деп күтілуде, ал елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде оңтүстік циклондарда жиі енуімен температуралық фон климаттық норма маңында болады деп күтілуде.
Күнтізбелік көктемнің басталуы құбылмалы болады деп күтілуде: жиі жауын-шашынмен және желдің күшеюімен қыстың оралуы көктемгі жылы және ашық күндерімен жиі алмасып отырады.
Аймақтың орташа айлық температурасы елдің оңтүстік-батысында және оңтүстігінде, климаттық мәндердің жанында - аумақтың қалған бөлігінде 1°С-тан жоғары болады деп күтілуде.
Жауын-шашын мөлшері батыста, солтүстікте, шығыс пен оңтүстік-шығыс тауларында және тау бөктері аудандарында қалыпты нормадан жоғары болады деп күтілуде; елдің оңтүстігіндегі нормадан төмен; қалған бөлігінде – норма маңында.
Бұл маусымдық болжам 60% ықтималдығымен консультациялық сипатқа ие, ал болашақта ауа-райы болжамдарын айға, онкүндікке және қысқа мерзімге нақтыланып отырады, деп хабарлады «Қазгидрометтен».


Жаңалықтармен бөлісу: