Астана. 15 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанның көптеген аймақтарында 16-18 мамыр аралығында күн суытуы мүмкін деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Қазақстанға батыс Сібірден суық атмосфералық ауа ағымы ауды, сондықтанда еліміздің көптеген аймақтарында жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді деп күтілуде», - делінген синоптиктердің хабарында.
Сонымен, солтүстік аймақтарда ауа темперетурасы түнде -3 дейін төмендейді, жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. 17-18 мамыр аралығында еліміздің оңтүстік-шығыс облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жаууы мүмкін.
Астанада сейсенбіде өткінші жауын жауады, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 7-12 м/с, күндіз 15-20 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +15+17 градус. 17-18 мамырда елордамызда күн жауын-шашынсыз, солтүстік, шығыс, солтүстік-шығыс бағытынан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с болса, күндіс ауа температурасы +15+17 градус.
Алматыда жақын күндері күн бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 2-7 м/с, найзағай кезінде 10 м/с болады, ауа температурасы күндіз +32 градусқа дейін ысыйды.
Қатысты сілтемелер
-
Астанада бір көшені салуға Т1,1 млрд жуық жұмсамақ
20 Қыркүйек 2024, 16:39 -
Алматыда бір балабақшаның құрылысына Т1,4 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
20 Қыркүйек 2024, 15:36