Синоптиктер демалыс күндері ауа температурасы көтеріледі деп болжап отыр

Астана. 18 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда 19-21 тамызда ауа температурасы біртіндеп көтеріле бастайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым аумағы бұрынғысынша антициклон ықпалында болады. Елдің батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс жартысында жақын күндері жауын жаумайды, күндіз ауа температурасы 28-37 градусқа дейін көтеріледі», - делінген синоптиктердің жұма күнге берген болжамында.
Ал республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында күн күркіреп, өтпелі жауын жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, түнде ауа температурасы 2-12 градус жылы, күндіз 20-32  градусқа дейін көтеріледі.
Сондай-ақ оңтүстік өңірлерде дауылға байланысты дауылдық ескерту жариыланды. Мысалы, Қызылорда облысында 19 тамызда солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жел тұрады. 18-20 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстік—шығыстан 17-22 м/с жел тұрады.

adimage