Астана. 17 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда 18-20 ақпанда ауа темпераутарсы төмендеп, бұрқасындатып, қар жауады және 15-20 м/с жел соғады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Батыс облыстардың үстінде арктикалық жүйеден ығысқан тағы біп циклон орналасады. Ол Қазақстан аумағы арқылы батыстан шығысқа ығысу барысында ел аумағында қар жауып, бұрқасындатып, ауа температурасы суытып, 15-20 м/с жел соғады», - делінген жұма күнгі хабарда.
Синоптиктердің мәліметтерінше, оңтүстік-каспийлік циклон мен онымен байланысты ауа ағымы Қазақстан аумағынан шығып кетеді. Осы циклонның ықпалынан елдің басым аумағында қар жауып, оңтүстікте жауын жауып, кей жерлерінде нөсерлетті.
«Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтары мен тау бөктерлерінде демалыс күндері атмосфералық суық ауа ағысының өтуімен күшті жауын-шашын, негізінен қар жауады, тұман түсіп, көктайғақтанады», - делінген мәтінде.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46