Синоптиктер мерекелік күндерде жауын жауып, жел тұрады деп отыр

Алматы. 6 мамыр. ҚазТАГ – Мерекелік 7-10 мамыр аралығында Қазақстанның барлық дерлік аумағында ауа райы құбылмалы, желді және жауынды болады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Еліміздің батысында атмосфералық тұтас ағым өтуімен күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, оңтүстік-шығыстан соққан 9-14 м/с жел, күн күркіреген сәтке 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы ақырын +25+33°C дейін көтеріледі.
Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде керісінше, ауа температурасы төмендеуі байқалады.
«Солтүстік бағыттан соққан 15-20 м/с жел ауа температурасын солтүстікте суытып, шығысы мен орталығында 0+5°C, кей жерлерінде минус - 3°C аязға дейін төмендетіп, күндіз +7°C –қа дейін суытады», - делінген болжамда.
Солтүстік облыстарда 9-10 мамыр аралығында қар аралас жауын жаууы мүмкін.
Еліміздің оңтүстігінде мерке күндері күн күркіреп, жауын жауады, оңтүстік-шығыстан соққан 9-14 м/с жел күн күркіреген сәтке – 15-20 м/с болады. Сондай-ақ 7-10 мамыр аралығында ауа температурасы ақырын түнде +7°C, күндіз +20°C дейін төмендейді.
Еліміздің оңтүстік-шығысында да салқындайды, ауа температурасының тербелісі түнде +2+10°C, күндіз +15+25°C аралығында болады.

adimage