Синоптиктер Солтүстік Қазақстан облысында үсік жүреді, жаңбыр жауады және күн күркірейді деп болжауда

Күні: 16:43, 29-05-2018.

Астана. 29 мамыр. ҚазТАГ - Синоптиктер Солтүстік Қазақстан облысында үсік жүреді, жаңбыр жауады және күн күркірейді деп болжауда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«30 мамырда (2018 ж. 21 сағ. 29 мамырдан 21 сағ. 30 мамыр аралығы) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстіктен соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз көптеген жерлерде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде кей жерлерде жауын-шашын, күндіз жерлерде жаңбыр. Кей жерлерде найзағай, дауыл, тұман, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі», - делінген «Қазгидромет» сайтында жарияланған дауылды ескертуде.  
Сондай-ақ, Петропавл қ: күндіз 30 мамырда солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.  
«Түнде топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %», - деп атап өтті синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: