Синоптиктер тамыз айында Қазақстанда топырақ бетіне үсік түседі деп болжап отыр

Күні: 13:47, 01-08-2016.

Алматы. 1 тамыз. ҚазТАГ – «Қазгидромет» РМК болжамынша тамыз айында еліміздің солтүстігінде, шығысы мен орталығында топырақ бетінде үсік түседі.
«Тамыздың екінші және үшінші онкүндігінің аяғында салқын және ылғалды ауа массаларының ығысымен ауа райы салқындап, жауын жауып, және де елдің солтүстігінде, шығысы мен орталығында түнде топырақ бетінде үсік түсуі мүмкін», - делінген дүйсенбі күні таратылған тамыз айына деп беріліп отырған консультативтік болжамда.  
Жалпы алғанда тамыз жылы болады деп күтілуде, орташа температура Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облысының жекелеген аудандарында +22+30°С болса, Қазақстанның қалған аумағында +15+22°С болады.
Ай басында республиканың батысы мен шығыс жартысында тұтас ауа ағымы өтуінен күн күркіреп, өтпелі жауын жауады, батыстан 15-20 м/с жел соғады, бұл ретте Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал. Одан соң, 4-6 тамыз аралығында жылы ауа ағысымен Қазақстанның үлкен аумағында ақырындап ауа температурасы көтеріліп, батыста +30+38°С, кей жерлерінде +41°С; солтүстік-батыста, солтүстігі мен солтүстік-шығыста және орталығында +28+38°С; оңтүстік пен оңтүстік-шығысында  +33+38°С болады.
Бірақ синоптиктер ыстық ауа райы көпке сақталмайды деп отыр.
«Онкүндік соңында кезекті циклон өтуімен ауа райы құбылмалы болып, ақырын төмендеп, еліміздің солтүстік бөлігінде +15+25°С, оңтүстігінде +25+30°С болады», - делінген болжамда.
Тамыз айы Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аумақтары мен тау бөктерлерінде ерекше жауынды болады, ал Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстары мен Батыс Қазақстан облысының басым аумағында құрғақ ауа райы сақталады.
Бұл ретте синоптиктер аталған консультативтік болжам синоптикалық ахуалдың өзгеруіне байланысты түзетіліп отыратынын ерекше ескертеді.


Жаңалықтармен бөлісу: