Сирия, Ирак, Ауғаныстан қақтығыс аймақтарында 114-тей қазақстандық қалып отыр

Астана. 6 ақпан. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. Сирия, Ирак, Ауғаныстан қақтығыс аймақтарында 114-тей қазақстандық қалып отыр, деді ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков.
«Қақтығыс аймағындағы жалпы саны шамамен - 114 (қазақстандық – ҚазТАГ). Негізінен Сирияда. (Қақтығыс аймағында – ҚазТАГ) 36 ер адам, 80-ге жуық әйел бар. балалар бойныша қазір айта алмаймын. Бұл Сирия, Ирак, Ауғаныстан», - деді бейсенбідегі сенат кулуарында Білісбеков.
Еске салсақ, 2019 жылдың 11 желтоқсанында Нұр-Сұлтан сотында Сирияда соғысқан қазақстандықтарға үкім шығарылды.

adimage