Астана. 18 маусым. ҚазТАГ – Данияр Серіков. ИЛИМ (ИГИЛ) тобының бақылауындағы сирия-ирак аумағына соғысу мақсатында Қазақстанның 400 азаматы кетті, деп хабарлады ҚР қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев.
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми мәлімттерінше, тек Қазақстаннан ғана террорлық ИЛИМ деп аталатын топ бақылауындағы сирия-ирак аумағына соғысу мақсатында біздің 400 азамат отбасымен кетті. Олардың ондағаны өліп те қалды», - деді Н. Ермекбаев бейсенбі күні «Орталық Азия жаһандық геосаяси трендтерде» атты конференцияда.
«Сарапшылардың бағалауынша, Орталық Азиядан кеткен содырлардың жалпы саны 2 мың адамнан асады», - деді ол.
«Сондықтан осы өңір үшін сол адамдардың жаппай қайтуы елеулі сын-қатер болуы мүмкін. Себебі оларда халықаралық террорлық ұйымдармен байланысы және шетелден қаржылық көмегі болады. Өздерінің елдеріне оралудың ондай деректері де бар», - деп ескертті Н. Ермекбаев.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті құрылады
9 Қыркүйек 2024, 11:14 -
Қазақстандық оқушылар Экономика бойынша Халықаралық олимпиадада жүлдегер атанды
9 Қыркүйек 2024, 11:11 -
Қазақстанға Көшпенділер ойынында көкпарға қатысу үшін америкалық ковбойлар келді
9 Қыркүйек 2024, 10:56 -
Талдықорғанда орамдық қазандық салуға Т9,7 млрд астам қаражат жұмсамақ
9 Қыркүйек 2024, 10:40