Сирия оппозициясының өкілі неліктен оппозицияның кейбір өкілдерінің Сирия жөнінде Астана декларациясына қол қоймау себебін түсіндірді

Астана. 28 мамыр. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Сирия оппозициясының өкілі, плюралистік қоғам үшін қозғалыстың көшбасшысы Ранда Кассис неліктен оппозицияның кейбір өкілдерінің Сириядағы шиеленісті бейбіт реттеу жөнінде Астана декларациясының барлық тармақтарына қол қоймағанын түсіндірді.
«Біз бейтарап жақта кездескендегі қалауымыз - негізгі қағидалар бойынша өзара түсіністікке қол жеткізсек деген едік. Иә, біз Астана декаларациясында саяси шешім бойынша келісімге келдік, оған 27 өкілдің 22-сі қол қойды. Кейбіреулердің талаптары ішкі оппозиция қойып отырған талаптан жоғары болуы себепті, олар кейбір тармақтарды қолдағанымен, кейбіреулерін қолдамады, оларды да түсінсе болады. Олар алдымен қазіргі Басар Асад (Сирия президенті – ҚазТАГ) режимін құлатқысы келеді, ал ішкі оппозиция біз оған саяси жолмен де келуімізге болады және алдын ала ондай шарт қою керек емес деп есептейді», - деді ол бейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында.
Р. Кассис атап кеткендей, келіссөздерге қатысушы сириялықтардың барлығы да  оппозиционерлердің қатарын кеңейте отырып, Астанаға қайта оралғысы келеді екен.
«Егер Қазақстан Республикасы келісетін болса, біз оған алғысымызды білдіреміз», - деді ол.
Өз кезегінде құқық қорғаушы, АҚШ-та мекен ететін Амар Абдулхамид те өзінде Сириядағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуде неғұрлым оппозиция қатарын көптеп қамту керек деген ой барлығын атап өтті.  
Бұл ретте Ирактың Күрдістанында мекен ететін күрдтер қозғалысының өкілі Наби Сарбаз кездесу «мүлдем бейтарап» болғанын, сондықтан да бұрынғыларға қарағанда тұңғыш рет нақты нәтижелерге қол жеткізілгенін атап кетті.
Оның айтуынша, оппозиция Сирия мен оның келешегіне қатысты мәселені шешу бойынша тұңғыш рет бас біріктіре алды.
«Біз Сириядағылардың барлығы үшін балама отанға деген өз көзқарасымызды ұсынып отырмыз. Онда қандай да шектеу мен діни және конфессионалдық немесе этникалық негізде саралаусыз болады. Өкінішке қарай, бүгіндері Сирия үлкен шығынға батып отыр, бірақ режимнің өзі құлаған жоқ, сондықтан да бүгіндері барлық сириялықтар еркіндік, тәуелсіздік, отанның мүддесі туралы ойлайды. Олар жаңа отан құрмақшы, себебі осы қирандылардан шығу керек», - деді ол.

adimage