Сирияда көз жұмған қазақстандықтың анасы: Біздің балаларымыз өмірде адасқандар

Астана. 10 қаңтар. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Сирияға тап болған Қазақстанның жас азаматтары, өмірде адасқандар, деп санайды қарулы қақтығыс аймағында қаза тапқан қазақстандықтың бірінің анасы Қарағанды облысы Сәтпаевта тұратын Ботагөз Махатова.
«Менің келінім – әлі Сирияда, олар әзірге ол аймақтан шыға алмай отыр. Бізге олар ол жақтан шықсын деді, бірақ олар діттеген жерге әлі жетпеген, себебі ол жақта ұрыс амалдары жүріп жатыр. Олар жаяу жүреді. Қайда қашарларын білмейді, бүкіл жерге жарылғыш зат қойылған. Мен олардың Отандарына оралуына ешкім қарсылық білдірмейді деп санаймын, себебі олардың барлығы Қазақстан азаматтары. Олар қайда тап болғандарын түсінбеген, бұл өмірде адасып қалғандар», - деді Б. Махатова бейсенбідегі брифингте.
Оның айтуынша, Сирияда оның ұлы болған, ол 2016 жылы ұрыс амалдары кезінде қаза тапқан. Келінімен бірге Сирияда тағы екі немересі қалған.
«Біздің Қазақстан бойынша 120 өтініш беруші ананың чаты бар. Соның ішінде 10 ананың баласы үйлеріне оралды. Балаларымызбен, қыздарымызбен, келіндерімізбен WhatsApp арқылы өзіміз байланысқа шығамыз. Басында ұлым дінді білмегендіктен, басқалары сияқты жаңылысты. Балалардың еш кінәсі жоқ. Олар ата-аналарымен бірге кеткен», - деген сенімде әйел.
Оның айтуынша, басында ұлы оқу үшін Мысырға кеткен, алайда жарты жылдан кейін оның Сирияға кеткені белгілі болған.
«Ұлым 2012 жылы кетті, ол кезде колледждің үшінші курсында болатын. Біз басында қарсы болдық, себебі оның жасы сәйкес келмейтін. Дегенмен кейін рұқсат бердік, мен оны бақылап жүрдім, және оның теріс амалдарын байқамадым. 2016 жылы ол қаза тапқан, қалай болғанын да білмеймін. Әйелі оны қалай жерлеп жатқаны түсірілген видеоны жіберді. Ол жақта ұрыс амалдары жүріп жатыр. Мен оны қалай алып кетемін? Маған ешкім де бермейді», - деді Б. Махатова.
Еске салсақ, 9 қаңтарда белгілі болғандай, 6 қаңтарда «Жусан» операциясы кезінде Сириядан 47 қазақстандық азамат эвакуацияланды, оның ішінде 30 бала, 11 әйел мен 6 ер адам бар.
Хабарда атап өтілгендей, эвакуацияланғандардың басым бөлігі Сирияға алдап апарылып, лаңкестердің кепілдігінде болған.

adimage