Сириядағы лаңкестер тарапында Орталық Азиядан 5 мыңға жуық содырлар шайқасты – РФ СІМ

Күні: 13:54, 22-09-2017.

Алматы. 22 қыркүйек. ҚазТАГ - Сириядағы террористер тарапында Орта Азия елдерінен 5000-ға жуық содырлар соғысты, деп «Коммерсант» газетіне берген сұхбатында РФ Сыртқы істер министрлігінің жаңа қауіп-қатерлер бөлімінің бастығы Илья Рогачев мәлім етті.
«Түрлі бағалаулар бойынша, Сирияда 20 мыңнан 40 мыңға дейін шетелдік содырлар соғысқан, оның ішінде ТМД елдерінен 10 мыңға жуық. Олардың жартысынан азы Ресей азаматтары. 5 мыңға жуығы - Орталық Азия елдерінен. Олардың қайтарылуы - бұл Ресей мен посткеңестік мемлекеттер үшін шын мәнінде қатер болып табылады», - деді Рогачев жұмада жарияланған сұхбатта.  
Оның айтуынша, террористер, диверсиялық операциялардың тәжірибесі бар және өздерінің ортасында кең байланыстары бар лаңкесшілер қоғамды тұрақсыздандыру мен радикалдандыруда қуатты заряды бар.  
«Көші-қонды толығымен тоқтатуға болмайды. Дегенмен, біз оны реттеуге міндеттіміз, ол барлық мүдделерге сай. Сондықтан біздің шетелдік серіктестерімізбен бірге біз осы салада оңтайлы әрекеттесуге тырысамыз, халықаралық аренадағы бірқатар бастамаларды алға жылжытамыз», - деді ол.
И.Рогачевтың айтуынша, РФ басшылығы қазіргі уақытта салалық ұйымдардың аясында, соның ішінде ҰҚШҰ, ШЫҰ аймақтық антитеррорлық құрылымы, ТМД-ның антитеррорлық орталығы, БРИКС аясында ынтымақтастықты нығайту бағытында жұмыс атқаруда.
«Сонымен қатар, біз шетелдік террористік содырлардың маршруттары өтетін елдермен салалық ынтымақтастық орнатудамыз. Бұл тұрғыда Түркияға айрықша назар аударылады », - деді И. Рогачев.
Департамент басшысы терроризмге қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастыққа тоқтала келе, «Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде келісілген, антимгилдік, анти-әл-Каидалық және анти-талибандық санкцияларының тізімдерін үйлестіру» жүріп жатыр деп атап өтті.
«Оларға жеке террористер де кіреді (олардың жалпы саны 250-ден асады) және «ИМ» және «Әл-Қаида»-мен талибанмен қозғалысымен үлестес лаңкестік топтар (қазірге 80-ге жуық ұйымдар кіреді) кіреді», - деді Рогачев.
Бұдан басқа, Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі хабарлағандай «Ресейдің ӘҒК мен олардың көмегімен қалпына келтірілген Сирия әскерлерінің күш-жігерінің арқасында Сириядағы ИМ күштері жеңілістен жеңіліске тап болып отыр. Сонымен қатар, ол «Ислам мемлекетінің» қауіп-қатері тек жауынгерлердің саны мен олардың жақсы материалдық-техникалық жабдықталуында ғана емес екенін атап өтті.
ИГИЛ-діктер мен олардың жақтаушыларының  үгіт-насихат науқаны өте қауіпті», - деді ол.
И. Рогачев, ИМ - бұл исламшыл бағыттағы жалғыз террорлық ұйымы емес деді. Ол мысалы, басқа бір террористік ұйым, «Аль-Каиданың» атын өзгертіп - «Нусра» деген атпен әскери операцияларын жалғастырып отырғанын айтты.
«Террористік шабуылдың ауқымын нақты бағалау қиын. Тек азайып отырған жоқ, ол өсіп жатқаны анық. Бұл менің еуропалық әріптестерімнің мінез-құлқы мен көңіл-күйінде болжанады. Мұндай жағдайларда тиімді халықаралық ынтымақтастыққа деген қажеттілік артып келеді», - дейді басқарма бастығы.
Ол террорлық қауіпті бейтараптандыру үшін шетелдік шабуылдаушы лаңкестердің қозғалысына мониторинг жүргізу және жолын кесу, «бірыңғай қатаң стандарттарға сәйкес ақпараттық кеңістіктегі мазмұнға қатаң мониторинг жүргізу және арнайы қызметтер арасында жедел ақпарат алмасу» қажет екенін атап өтті.
Ол мұның бәрі мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың шынайы, жасырын «күн тәртібі» жоқ, «қосарлы стандарттарсыз» адал болуын талап етеді, деп санайды.
Азаматтық қоғам институттары терроризмнің алдын алуда маңызды рөл атқара алады: бизнес-қоғамдастық, білім беру мекемелері, діни бірлестіктер, ҮЕҰ, БАҚ. Олардың күш-жігерін тұтастай елде, қоғамда және жеке азаматтарға қатысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікті көтеретін тиісті мемлекеттік органдар бақылауы және үйлестіруі керек », - деді Рогачев.


Жаңалықтармен бөлісу: