«Сонар-2017» жарысы өтеді

Күні: 18:26, 22-11-2017.

Талдықорған. 22 қараша. ҚазТАГ – «Сонар-2017» жарысы өтеді, деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты.
«Құрметті Алматы  облысының тұрғындары мен қонақтары!
2017 жылғы  24-26 қараша күндері аралығында Алматы облысында тұңғыш құрылған «Жалайыр Шора» бүркітшілер мектебінің 30 жылдығына арналған «Саят» ұлттық спорт түрлері бойынша «Сонар-2017» республикалық құсбегілер жарысы өтеді», делінген хабарда
Жарыстың өтетін уақыты: 24-26 қараша күндері, сағат 10.00, Ескелді ауданы, Сырымбет ауылы «Тау-Жетісу» демалыс аймағы.
Салтанатты ашылу рәсімі: 26 қараша күні сағат 10.00-де.


Жаңалықтармен бөлісу: