Сот денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қамауға алуға санкция берді

Астана. 3 қараша. ҚазТАГ – Сот денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қамауға алуға санкция берді, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігінің қаржылай мониторинг комитетінің баспасөз қызметінен.
«Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Е.А.Біртановқа қатысты қамуаға алу түрінде бұлтартпас шарасы санкцияланды», - деп хабарлады ҚМК.
Еске салсақ, 31 қазанда ҚазТАГ тілшісіне экс-министрдің ұсталғанын ақпаратқа қанық дерек көз растады.
Алдын-ала нұсқа бойынша, денсаулық министрлігінің экс-басшысы цифрландыруға бөлінген Т526 млн соманы жымқырған деген күдікке ілінген.
Министр лауазымынан Елжан Біртановты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 маусымда босатқан еді.

adimage