Алматы. 8 қыркүйек. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Соттың ҚР Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың толыққанды ем алуына қарсы болуын азаптау деп бағаласа болады, деп мәлім етті «Адам құқығы үшін хартия» Қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова.
«Осы істі жүргізген барлық меморгандардың, Ұлттық жемқорлықпен күрес бюросының өкілдерінің, тергеушінің, және прокурордың әрекеттерінің барлығын мен азаптау деп бағалаған болар едім. Осы физикалық моральдық азаптау одан талап етілген кез келген айыбын мойындату үшін оған әдейі жасалып отыр. Осы жағдайда судья да, прокурор да лауазымды тұлғалар ретінде осыған әрекет танытулары керек еді. Оның физикалық, моральдық жағдайына қарамастан, дер кезенде медициналық көмек көрсетпеу, сот тарапынан ауруханаға жатқызуға рұқсат бермеу, сот процесін тездету - осының барлығын оған рұқсат етілмеген әдістер қолдану, бұл жағдайда азаптау деп бағалауға болады», - деді Ж. Тұрмағамбетова ҚазТАГ агенттігіне.
Бұл ретте ол, егер С. Матаевтың денсаулығына айтарлықтай зиян келтірілетін болса, ол Қазақстанның құқықтық мемлекет ретіндегі атақ-беделіне нұқсан келетіндігін атап өтті.
«Ол жағдайда бұл үлкен дауға айналып, құқықтық мемлекет ретіндегі ел беделіне үлкен нұқсан келтіреді. Лауазым тұлғасы, бұл жерде судья, екінші лауазым иесінің – прокурордың немқұрайлығымен осындай процессуалдық бұзушылықтарға орын беріп отыр, ал ол оның денсаулығының сақталуына кепілдік бермейді. Ол инсульт алудың алдында тұр. Қазір сот процессін шұғыл түрде тоқтату керек. Ол шешімді жоғарғы сот немесе осы процессті жүргізіп отырған судьяның басшысы, осы қылмыстық істі қарап отырған прокурор қабылдай алады. Мен ешқандай жамандыққа жорығым келіп отырған жоқ. Мен, ол шыдайтын шығар деп үміт етемін», - деді Ж. Тұрмағамбетова.
Оның айтуынша, егер С. Матаевқа емделуге кедергі келтіріліп отырғаны туралы іс БҰҰ азаптауға қарсы Комитетіне түсетін болса, Қазақстан осы халықаралық ұйымнан ескерту алады.
«Егер бір кездері болмасы осы іс БҰҰ азаптауға қарсы Комитетіне түсетін болса, ал Қазақстан бұл ұйыммен белсенді ынтымақтасуда, ал мен бұл іс бәрібір сонда түседі деп ойлаймын, сонда оның шұғыл медициналық көмек алуға деген құқығы дәлелденеді, және Қазақстан Республикасы осыған қатысты тағы бір ескерту алады», - деп түсіндірді Ж. Тұрмағамбетова.
Бұл ретте Ж. Тұрмағамбетова қазір құқық қорғаушылар ҚР қылмыстық кодексіне түзетулер енгізуге және азаптауды қолданғаны үшін жазаны қатайтуға қол жеткізбекші екенін жеткізді.
«Қазір біз «азаптау» бабын ауыр қылмыстар қатарына жатқызып, және ол үшін жазаны 5 жыл емес, одан да көп болуы керектігін талап етудеміз», - деді ол.
Қатысты сілтемелер
-
Интернет-қылмыстардың көпшілігі шетелден отырып жасалады- Бектенов
11 Қыркүйек 2024, 17:41 -
Қазақстан Мароккомен визасыз режим туралы келісім жобасын мақұлдады
11 Қыркүйек 2024, 17:26 -
Тоқаев жарлық шығарып, танымал қытайтанушы Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады
11 Қыркүйек 2024, 17:17