Су басу қаупі төнуіне байланысты Қазақстанның 5 облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 2 сәуір. ҚазТАГ – Су басу қаупі төнуіне байланысты Қазақстанның 5 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгдромет» РМК баспасөз қызметінен.    
«3-4 сәуірде Ақмола және Солтүстік Қазақстаноблыстарыныңөзендерінде,ауа температурасының жоғарылау болжамына байланысты, қардың біртіндеп еруі, жергілікті ағынның қалыптасуы, су деңгейінің көтерілуі және жайылмалық аудандарды су басу күтіледі», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Осы кезеңде, Павлодар облысының өзендерінде,оң мәнді ауа температурасының жоғарылау болжамына, сонымен қатар Шүлбі су қоймасынан тасталатын судың жоғарылауына байланысты, жергілікті ағынның қалыптасуына, су деңгейінің көтерілуі және судың өзен жайылмасынашығуына(су басуға) алып келеді.
«2-4 сәуірде Қарағанды облысының өзендерінде,ауа температурасының жоғарылау болжамына байланысты, қардың біртіндеп еруі, жергілікті ағынның қалыптасуы, су деңгейінің көтерілуіжәне жайылмалық аудандарды су басу күтіледі. 2-4 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде,ауа температурасының жоғарылау болжамына байланысты, жергілікті бүйірлік ағынның ары қарай қалыптасуы, мұз кептелістері, су деңгейлерінің көтерілуі, судың жайылуы және су басу күтіледі», - делінген хабарда.

adimage