Алматы. 30 наурыз. ҚазТАГ – Көктемгі су тасуы себепті Қазақстанның 3 аймағында дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдағы күндері, 31 наурызда, күшті жауын жауады деп болжануы себепті Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облысының жекелеген тау бөктеріндегі өзендерде су тасиды деп күтілуде», - делінген сәрсенбі күнгі хабарда.
Бұдан бұрын синоптиктер Оңтүстік Қазақстан облысында 30 наурызда өзендер таситындығын ескерткен. Одан басқа, 29 наурыз бен 1 сәуір аралығында ауа температурасының жылы болып, жауын молынан жаууы себепті Шығыс Қазақстан облысында өзендерде сең бұзылуы жалғасып, бұл ретте мұз кептемелер пайда болып, су деңгейінің күрт көтеріліп, арнасынан асып, тасуы мүмкін.
Және де ШҚО мен Алматы облысында 29-31 наурыз аралығынгда қар көшкіні жүру қаупі сақталады.
Қатысты сілтемелер
-
Алматы облысында автобус көпірден спринтер көлігінің үстіне құлап кетті
13 Қыркүйек 2024, 09:21 -
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жауын шашынсыз ауа райы күтіледі
13 Қыркүйек 2024, 08:54 -
Өскеменде 600-ге жуық электронды темекі тәркіленді
12 Қыркүйек 2024, 17:02 -
«Астана-АЭК» электромонтаж жұмыстарына Т1,9 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
12 Қыркүйек 2024, 16:39